Луценко үздік шабандоздар қатарында

Аустрияның Инсбурк қаласында велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Astana Pro Team және Қазақстан ұлттық құрамасының велошабандозы Алексей Луценко, жеклей сыннан өткен жарыста 13- орыннан табылды, деп хабарлайды SportX.kz.

52 шақырымды құраған жарыс жолында аустралиялық Роман Деннис ең үздік нәтиже көрсетті.  Голландиялық әйгілі шабандоз Томас Дюмулен екінші орынға көтерілсе, бельгиялық Кампенартс чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.

Біздің отандасымыз елуден астам үміткер қатысқан жарыста 13-орынға табан тіреді. Жас шабандоз үшін бұл сөз жоқ тамаша көрсеткіш. Алдағы жұма күні дәстүрлі «Алматы Туры» басталады. Әлем чемпионатымен тұспа-тұс келгендіктен Луценко биыл өзінің чемпиондық атағын қорғай алмайтын болып тұр.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз