Кукушкин турнирдің сегізінші ракеткасынан басым түсті

Еліміздің үздік теннисшісі Михаил Кукушкин Чэндудегі АТР сериясы аясындағы турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды SportX.kz.

Жүлде қоры1 млн АҚШ долларын құрайтын жарыстың бірінші айналымында жерлесіміз америкалық Деннис Сандгренмен  күш сынасты. Дәстүрлі турнирге сегізінші нөмірмен терілген Сандгрен, қазақстандық теннисшіге айтарлықтай қарсылық көрсетіп жарытпады. 1 сағат 27 минутқа созылған екі сеттегі бәсеке- 6:4, 6:3 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Келесі раундта еліміздің бірінші ракеткасына тағы бір америкалық теннисші Тейлор Фритц қарсы тұрады.

 

 

Пікір жазыңыз