Кукушкин Истборнда бақ сынауда

 

Еліміздің бірінші ракеткасы Михайл Кукушкин Истборндағы турнирдің бірінші айналымында аустралиялық Алекс де Минордан басым түсті, деп хабарлайды SportX.

1 сағат 4 минутқа жалғасқан екі сәттегі бәсекенің нәтижесі — 6:1,6:2. Ойын барысында жерлесіміз бір ғана эйспен шектелсе, қарсыласы бұл көрсеткіш жағынан бес рет ерекшеленіпті. Ал допты ойынға қосуда Михайл  қателікке бой бермесе, Де Минор екі рет мүлт кеткен. Қазақстанның үздік теннисшісі келесі айналымда, жарысқа алтыншы нөмірмен терілген испаниялық Давид Феррермен кездеседі. Жүлде қоры 770 695 АҚШ долларын  құрайтын турнир 30-маусымға дейін жалғасады. Англияның Шығыс Суссекс графтығы аймағында орналасқан Истборн қаласындағы теннис додасы, теннисшілер үшін дүбірі жақындап қалған Уимблдон алдындағы дайындық кезеңінің бірі болып саналады.

 

Пікір жазыңыз