Кукушкин Чендудегі жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Михайл Кукушкин Чэндудегі турнирден босап қалды. Еліміздің бірінші ракеткасы дәстүрлі жарыстың екінші айналымында америкалық жас теннисші Тейлор Фритцке жол берді, деп хабарлайды SportX.kz.

Бірінші айналымда жерлесіміз Фритцтің отандасы Сандгренді оңай ұтқан болатын. Алайда  екінші америкалық теннисшіге шамасы жетпеді. Тай-брейкке ұласқан бірінші кезеңде жолы болған Фритц, екінші сетте (6:1) айқын басымдық танытып,1 сағат 9 минутқа жалғасқан бәсекеде үздік шықты.

Жүлде қоры 1млн АҚШ долларын құрайтын турнирден Кукушкин 20 рейтингілік ұпаймен бірге 18,275 доллар сыйақы алып қайтты.

Пікір жазыңыз