Кубокты қонақтар алып кетті

Астанада ҚР Президентінің кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық дәстүрлі жарыс мәресіне жетті. Бір айналымнан тұратын турнир нәтижесі бойынша бас бәйгені Хабаровскіден келген хоккейшілер жеңіп алды, деп хабарлайды SportX.kz.

Биылғы жылы турнирде төрт команда бақ сынасты. Өзара бір кездесуден өткізіп шыққан клубтар арасында жеті балл жинаған «Амур» (Хабаровск, Ресей) үздік шықты. Екінші орынды алты ұпаймен нижнекамскілік «Нефтехимик» (Ресей) иеленсе, турнирдегі соңғы ойында Қазақстан құрамасына жол берген «Барыс» үшінші орынды қанағат қылды. Овертаймға ұласқан бұл матч 4:3 есебімен аяқталды. Сонымен дәстүрлі додаға үкілеп қосқан қос командамыз ресейлік клубтардың алдына шыға алмады.

 

 

 

Пікір жазыңыз