Көк тудың желбірегені — Қазақтың асқақ беделі

Бүгін жазғы Азиада астанасы Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Салтанатты рәсімге Ұлттық құрама мүшелері және еліміздің спорт саласы басшылары қатысты. Рәсімде сөз алған Қазақстан делегациясының жетекшісі Елсияр Қанағатов, спортшыларға сәттілік тілеп, байрақты доданың еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл күндері 200- ге жуық спортшымыз Джакарта мен Палембанг қалаларындағы атлетикалық ауылдарға жайғасып, жаттығу жұмыстарына кірісіп кеткен. Әзірге Джакартадағы атлеттер қалашығында олимпиадалық спорт түрлері бойынша 15 команда, ал Палембангта 4 команда қоныстанған.

 

Пікір жазыңыз