КХЛ: Словактар Астанадан құр қол қайтты (ВИДЕО)

Континенталдық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында кезекті турдың ойындары өтті. «Астана- Аренада» словакиялық «Слованды» қабылдаған «Барыс», қонақтардың қақпасына жауапсыз үш шайба соқты, деп хабарлайды  SportX.kz

Кездесудің 18-минутында Дитц шығарған пасты голға асырған Шевченко «Барысты» алға шығарды. Екінші кезеңнің бас жағында Никита Михайлис таблодағы есепті еселей түссе, матчтың 40-минутында Кертис Волк бүгінгі матчқа нүкте қойды. Осымен жаңа маусымдағы жетінші жеңісін атап өткен «Барыс» 18 ұпаймен Шығыс конференцияда 7- орында келеді. Братиславалық хоккейшілер Батыс конференцияның турнир кестесінде 12- орынға сырғыды.

Ертең астаналықтар өз алаңында Риганың «Динамосын» қабылдайды. Матч Астана уақыты бойынша сағат 19:30 басталады.

КХЛ

Тұрақты чемпионат

«Барыс» (Астана) — «Слован» (Братислава) — 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

Голдар: Шевченко — 2 (Дитц), 17:02 — 1:0. Михайлис — 3, 21:23 — 2:0. Валк — 4 (Михайлис, Блэкер), 39:22 — 3:0.

Қақпашылар: Карлссон — Штепанек.

Бас демеуші — «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз