КХЛ: Астананың «Барысы» өз ойынын тапқандай (ВИДЕО)

Континентальдық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Астананың «Барысы» өз алаңында кезекті жеңіске қол жеткізді. Елордалық хоккейшілер бұл жолы 2:0 есебімен Владивостоктың «Адмиралынан» алда болды, деп хабарлайды SportX.kz.

Бірінші кезеңнің 8- минутында қонақтардың қақпашысын қапы қалдырған Брэндон Боченский ойын соңына дейін тағы бір рет мергендік танытты. Шешуші кезеңде Дастин Бойдтан жеткен шайбаны қақпаға дәл бағыттап, «Барыстың» қатарынан алтыншы рет жеңіске жетуіне өзіндік үлесін қосты.

Осы кездесуден кейін еншісіне 32 ұпай жазған астаналықтар Шығыс конференцияның турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Өз кезегінде Астанадан құр қол қайтқан «Адмирал» он екінші орынға сырғыды.

«Барыс» келесі турдың ойынын 1-қараша күні өз алаңында Челябінің «Тракторына» қарсы өткізеді.

Бас демеуші -«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз