КХЛ: Астаналық хоккейшілер «Тракторды» тоқтатты (ВИДЕО)

Астананың «Барысы» КХЛ кезекті турында Челябинскіде жергілікті «Трактордан» басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz

Челябідегі тартысқа толы бәсекенің негізгі бөлігі 4:4 есебімен тең аяқталып, овертаймда қазақтсандық клуб жеңісті жұлып кетті. Кездесудің бірінші кезеңінде «Трактордың» шабуылшысы Александр Шаров алаң иелерін алға шығарған. Алғашқы үзілістен кейін алаңдағы ойын ширай түсіп, екі жақтан да өткір шабуылдар орын алды. Матчтың 24- минутында «Барыс» сапында өнер көрсететін швед Андре Петерсон есепті теңестірсе, қарап қалмаған алаң иелері лезде.жауап қайтара алды. Антон Глинкин таразы басын теңестірсе, Александр Рыпаков таблодағы есепті 3:1 жеткізді. Міне, дәл осы тұста жеңіске деген жігерлік таныта алған астаналық хоккейшілер аянып қалған жоқ. Нағыз капитанға тән ойын көрсеткен Боченский, командалас әріптестеріне үлгі бола алды. Алдымен есепті қысқартқан «Барыстың» капитаны овертаймда тағы да көзге түсіп, бүгінгі шиленісті өткен матчқа нүкте қойды. Есеп — 4:5

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.