Каталондық футбол баһадүрлері көш бастады

UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында үшінші турдың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды SportX.kz 

Өз алаңында италиялық «Интерді» қабылдаған «Барселона» діттеген меженің үдесінен шыға алды. Бұған дейін ұпай жоғалтпаған екі клуб арасындағы ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Нәтижесінде кезекті жеңіске қол жеткізген каталондық футбол баһадүрлері өз тобында жеке-дара көш бастады.

«Барселона» — «Интер» — 2:0

Гол соққандар: 1:0  32«Рафинья, 2:0  83″Альба

С тобындағы матчтардың бірінде ПСЖ өз жанкүйерлері алдында «Наполимен»  ұпай бөлісуге мәжбүр болды.Тартысқа толы бәсеке 2:2 есебімен аяқталды.

ПСЖ – «Наполи» — 2:2

Гол соққандар: 0:1 — 29 Инсинье, 1:1 — 61 Руй (автогол), 1:2 — 77 Мертенс, 2:2 — 93 Ди Мария.

Өз кезегінде Тұманды альбионға ат терлетіп жеткен «Црвена Звезда» кіші-гірім нокдаун алып қалды десек те болады. «Ливерпуль» футболшылары сербиялық қонақтарының қақпасына жауапсыз төрт гол тоғытып, ірі есеппен жеңіске жетті.

«Ливерпуль» – «Црвена Звезда» — 4:0

Гол соққандар: 1:0 – 20′ Фирмино, 2:0 – 45′ Салах, 3:0 – 50′ Салах (пенальти), 4:0 – 80′ Мане.

Дәл осындай нәтиже Германияның Дортмунд қаласында тіркелді. Алманияға жолы түскен Испания примера лигасының өкілі «Атлетико» алаң иелеріне қауқарлық көрсетуге жарамады.

«Боруссия Д» — «Атлетико» — 4:0

Гол соққандар: 38′ Витцель (Хакими), 73′ Геррейру (Хакими), 83′ Санчо (Хакими), 90′ Геррейру

Пікір жазыңыз