Кәсіпқой боксқа тағы бір мықты қосылды. Ол-Данияр Елеусінов

Әлем және олимпиадалық ойындардың чемпионы, әуесқой бокста қарсылас шыдатпаған Даниярдай батырдың ендігі жетістіктерін кәсіпқойлар додасынан күтетін боламыз. Астаналық былғары қолғап шебері мұхиттың арғы бетіндегі алғашқы сынақтан сүрінбей өтті. Нью-Иорктегі алты раундқа жоспарланған матчтың үшінші раундында америкалық Ноа Кидті техникалық нокаутқа жіберген Елеусінов, кәсіпқой бокс әлеміне нық қадам басты.

 

Даниярдың дебюттік жекпе-жектегі қарсыласын осал деп айтуға болмайды. 22 жастағы Ноа Кид кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп, оның 3 жеңске жетсе, тағы бір бәсекені тең аяқтаған. Кәсіпқой бокста  іскерлігімен танылған британиялық танымал проумотер Эдди Хирннің таңдаңуы, біздің  Даниярға түскені бекер емес. Бүгінгі жекпе-жек сол сенімнің тек басы ғана. Кездесу жайлы айтсақ, кездесудің  шарықтау шегі  үшінші раундта орын алды. Даниярдың кезекті бір соққысынан кейін бір құлап тұрған Ноа Кид, қолғапты қайта түйістірген. Бірақ соққының астында қайта қалған америкалыққа араша түскен төрешіге  жекпе-жекті тоқтатқаннан басқа амал қалмады

 

Пікір жазыңыз