IWF қазақ ауыр атлеттерін айналып өтті

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Түркия, Армения және Әзербайжан ұлттық құрамаларына тағылған айыпты мерзіміне жеткізбей алып тастады. Өкінішке орай бұл тізімге Қазақстан ілікпеген, деп хабарлайды SportX.kz.

2017 жылдың күзінде орын алған допингілік дау-дамайдың кесірінен бірнеше елдің құрамалары бір жылдық мерзімге IWF аясындағы жарыстардан шеттетілген еді.12-маусым күні Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Түркия, Армения және Әзербайжанға жарыстарға қатысуға рұқсат берді. Ал Ресей, Қазақстан,Беларусь,Молдова және Украйна әзірге жарыстарды сырттай тамашалай тұратын болады.Ең жанға бататыны қазақ атлеттері осы жылы өтетін Азия ойындарынан шет қалып отыр.

 

 

Пікір жазыңыз