Ислам Бозбаев әлем чемпионынан ұтылып қалды

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі белдесулерге қатысқан жерлестеріміз Ислам Бозбаев, Аэлита Щербакова және Ажар Салықова алғашқы айналымнан өте алмады, деп хабарлайды SportX.kz

90 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі балуанымыз Ислам Бозбаевқа  салған жерден әлем чемпионы венгриялық балуан Кристиан Тотпен белдесуге тура келген. Ислам қанша тырысқанымен жиған-тергені мол Тотқа қарсы амал таба алмай жарыстан шығып қалды. 70 келі тартатын әйелдер додасында қазақстандық қос балуан өнер көрсеткен. Бірақ екеуі де алғашқы айналымнан мүлт кетті. Ажар Салықова мен Аэлита Щербакованың жолын испаниялық дзюдошылар кесті.

 

Пікір жазыңыз