Головкин тізгінді ешкімге берер емес

Бүкіләлемдік бокс кеңесі тұжырымы (WBC) қазан айының жаңа рейтинг кестесін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

Жаңа рейтинг көшін күні кеше Альварестен ұтылып, бүкіл жиған-тергенінен айырылған отандасымыз Генадий Головкин (38−1−1, 34 КО) бастап тұр. Оның соңын ала британиялық Мартин Мюррей жайғасса, канадалық Давид Лемье үшінші орыннан табылыпты.

Әзірше осы ұйымның орта салмақтағы чемпиондық белбеуі мексикалық Сауль «Канело» Альварестің еншісінде. Ал америкалық Джермалл Чарло осы атақтан міндетті үміткер болып саналады.

 

Пікір жазыңыз