Головкин: Сауль Альварес — «панчер» емес

IBO, WBA және WBC версияларының орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы Генадий Головкин (38−0−1), Сауль Альвареспен (49−1−2) өтетін алдағы жекпе-жекке орай  Boxingscene.com сайтына сұхбат беріпті, деп хабарлайды SportX.kz

—  Арада бір жыл өтіп кетіпті. Ол жекпе-жек жайлы көп нәрсе есімде жоқ. Есімде қалғаны Альварес  соққылары ауыр панчер ретінде мені таңа қалдыра алмады. Оны нағыз панчер деп айтуға келмейді. Маған алдағы матчқа қатысты  ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Ал, оның командасы ойын мәнерін өзгерту үшін бәрін жасап жатыр. Мен болсам ол жайлы және  жекпе-жекке қатысты да ештеңе ойлағым келмейді,- дейді Головкин.

Головкин-Альварес арасындағы 2017-жылы 16-қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен алғашқы бәсеке талас туыдрған тең нәтижемен аяқталған еді. Әсіресе төреші Аделайда Бердтің жеңісті 118-110 есебімен «Канелоға» беруі, тым шектен асушылық болды. Екі боксшы арасындағы екінші теке-тірес 15-қыркүйек күні дәл сол аренада өтеді. Бұл күндері бітіспес қарсыластар қызу дайындық үстінде.

.

 

Пікір жазыңыз