Головкин көктемде келеді

Қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин келесі жылдың көктемінде шаршы алаңға қайтып оралады. Боксшының промоутері Том Леффлер осылай деп мәлімдеген, деп хабарлайды  SportX.kz

Альвареспен өткен қарымта кездесуден кейін атағынан түгел айырылған жерлесіміз 2019-жылдың наурызы мен мамыр айлары аралығында шаршы алаға шығып қалуы ықтимал. Кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Том Леффлердің айтуына қарағанда мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет қолғап түйістіріп  қалуы да мүмкін. Сонымен қатар болашақ қарсыластарының бірі ретінде WBA ұйымының орта салмақтағы «тұрақты» чемпионы жапониялық боксшы Риото Мурато да қаралуда.

 

Пікір жазыңыз