Голландықтар озды

Аустрияда шосседегі велоспорттан кезекті әлем чемпионатының жалауы түсірілді. Бірнеше күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша командалық бірінші орынды Голландия иеленді, деп хабарлайды  SportX.kz.

Инсбуркте аяқталған әлемдік додадан голландықтар екі алтын, үш күміс және қос қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте екінші және үшінші орындарды Аустралия мен Германия құрамалары бөлісті.

Чемпионаттың соңғы күні  велошабандоздар топтасып жарысудан сынға түсті. 258 шақырымды құраған жарыс жолында испаниялық тәжірибелі шабандоз Алехандро Вальверде топ жарды. Қазақ шабандоздары арасында ең жоғары нәтиже көрсеткен Андрей Зейц  22-ші, «Алматы турының» былтырғы жеңімпазы Алексей Луценко 36- нәтиже көрсетті.

Шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты. Жалпы командалық есеп
Аустрия, Инсбрук

1. Нидерланды – 2-3-2
2-3. Аустралия жәнеГермания (1-1-0)
4. Бельгия (1-0-1)
5. Испания (1-0-0)
6. Франция (0-1-0).

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз