Германияда топ жарған дзюдошылар

Дзюдодан еліміздің жастар құрама командасы Еуропа кубогы жолындағы жарыста тамаша өнер көрсетуде, деп хабарлайды SportX.

Берлиндегі белдесулерін біздің балуандар сәтті бастап, жарыс шымылдығы түрілген күні ел қоржынына бес медаль салып берді. 55 келі салмақта сынға түскен Дамир Болатбеков пен 73 келіде белдескен Жанболат Бақытбергенов Еуропа кубогының иегері атанды. Ақтық сында мүлт кеткен Арслан Есенгел мен Ғалия Тынбаева күміс, ал Аңсарбек Ғайнуллиннің еншісінде қола жүлде. Ә дегеннен командалық есепте суырылып алға шыққан Қазақстан жастар құрамасы, алдағы күндері де өз жанкүйерлерін қуанатады деп сенеміз. Германия астанасында өтіп жатқан турнирде 38 елдің құрамасы сапында 500 ге таяу дзюдошылар бақ сынасуда. Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан балуандар саны жиырма тоғыз.

 

 

Пікір жазыңыз