Футзал. «Қайраттың» Еуропаға жорығы сәтті басталды

Футзалдан Алматының «Қайраты» чемпиондар лигасының топтық раунды аясындағы алғашқы ойында италиялық «Пескара Аква Капоне» клубынан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Төреші ысқырығы естілісімен алға ұмтылған италиялықтар ә дегеннен есеп ашып алға шықты. Одан әрі алма-кезек шабуылға ұласқан бірінші таймның соңғы минуттарында қазақ футболшылары есепті теңестіріп үлгерді. Осы голдан кейін Чехияның Хурдим қаласында өткен матчты толық бақылауға алған жерлестеріміз, ойын соңына дейін қарсы қақпаға жауапсыз үш гол соға білді. Қорытынды есеп- 4:1.

«Қайрат» өз тобындағы келесі матчты бүгін беларусьтің «Лидсельмаш» клубына қарсы өткізеді. Ал 17- қараша күні алматылықтар турнир қожайындары чехиялық «Хурдиммен».күш байқасып көреді.

Естеріңізге сала кетейік, чемпиондар лигасының ақтық раундында өз тобында үздік шыққан клубтар бақ сынайды. » Үздік төрттік » яғни шешуші сын ойындары 25−27 немесе 26—28 сәуір күндері  өтеді.

 

 

 

Пікір жазыңыз