Футбол тойын өткізуден неміс пен орыс мүдделі

Ресей мен Германия 2020/2021 жылғы маусымның Чемпиондар лигасының финалдық матчын өз елдерінде өткізуге ынталы, деп хабарлайды SportX.kz. 

Саяси аренда сандалып қалған Ресей әлемдік байланыстың бір шетін ірі спорттық форумдардан іздейтін секілді. Неге десеңіз, қазіргі күні Ресей спорттың кез-келген түрінен Әлем мен Еуропа чемпионаттарын және басқа да ірі спорттық шараларды қабылдау үшін өз кандидатурасын ұсынуды жалғастыруда.

Кеше ғана мундиальды атқарып алған Ресей футбол федерациясы енді 2020/2021 жылғы Чемпиондар лигасының ақтық матчына көз салып отыр. Олар еуромаусымның финалдық бәсекесін «Санкт-Петербург» стадионында өткізуді жоспарлайды. Есебін түзу жүргізіп, мәселенің амалын тауып қимылдайтын немістер де футбол тойынан дәмелі. Әлемдегі футбол державаларының бірінен саналатын Германия Еуропа чемпиондар лигасының ақтық матчы «Бавария» клубының стадионы «Альянц Аренада» өткенін қалайды.

2021 жылғы финалдық матчтың қай мемлекетте  өтетіні 2019 жылдың мамыр немесе маусым айында белгілі болады.

Пікір жазыңыз