Футбол бойға қарамайды (ВИДЕО)

Аргентинада футболдан Америка кубогы үшін ерекше жарыс өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған турнирде ергежейлі футболшылар доп тепті, деп хабарлайды SportX.kz.

Буэнос-Айресте өткен жарысқа Чили, Колумбия, Аргентина,Бразилия, АҚШ, Канада, Парагвай, Перу және Боливиядан келген командалар қатысыпты. Латын америкалықтардың додасынан арнайы шақыру алған Марокко құрамасы да шет қалмапты.

Тапал бойлы футболшылар арасындағы бәсеке жабық кешенде өткізілген. Жеті ойыншыдан жасақталған  командалар 20 минуттан екі тайм ойнаған. Қақпаның көлемі де әдеттегіден кішірек — биіктігі 1,7 метр десек, ені 2 метрді құраған.

Ерекше жарысты тамашалаған спорт сүйер қауым алғаш рет өткізілген турнирдің шешуші яғни ақтық сынында Аргентина мен Парагвай арасындағы бәсекеге куә болып тарасты. Алаң иелері жартылай сында әрең дегенде 2:1 есебімен Бразилиядан басым түскен болатын. Сол ойында көп күш жұмсаған Аргентина құрамасы ақтық матчта 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Сонымен парагвайлықтар алғаш өткізілген Америка Кубогының жеңімпазы атанды.

Пікір жазыңыз