Ескек есуден Қазақстан кубогын  батыс қазақстандықтар жеңіп алды

Шымкент маңындағы Бадам су қоймасында академиялық ескек есуден ел кубогы жолындағы кезекті дода мәресіне жетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Жалпы есептің қорытындысы бойынша  командалық бірінші орынды Батыс Қазақстан облысының спортшылары иеленді. Олардың еншісінде 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль.  Астаналық академиялық ескек есудің шеберлері- 2 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлдемен  командалық екінші орынға табан  тіреді.  Қазақстан кубогы жолындағы доданы осымен  екінші рет қабылдаған алаң иелерінің қоржынында-1 күміс пен 5 қола.

Жүзден астам спортшылар қатысқан  байрақты додада, ұзын-саны 12 медальдар топтамасы сарапқа салынды.

 

Пікір жазыңыз