Есеп- 10:0. Осындай есеппен ұтылдық

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясындағы алғашқы матчта Португалиядан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды SportX.kz

Сөздің ашығы, Роналдудың ізін басып келе жатқан португалдық жастар Азиядан ат терлетіп жеткен қарсыластарын аямады. Бұл күні Қазақстан құрамасының қақпасына доптар легі қарша борады. Таблодағы нәтижеге қарасаңыз, басыңыз айналып, көзіңіз қарауытады. Есеп — 10:0. Масқара! Бақандай, он гол!

Португалдар әр тайм сайын бес голдан салып отырған. Белгілі бір технологияға жіктеліп, программасы жасалып қойған матчты тамашалағандай әсер алдық.

Осы топтағы екінші бәсекеде Беларусь пен Уэльс ұпай бөлісіп тарасты. Есеп -2:2.

Келесі жолы еліміздің жас футбол баһадүрлері 13- қазан күні Уэльспен күш байқасады.

 

Пікір жазыңыз