Ерлан ерледі

Бакуде аяқталған әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов, Халықаралық дзюдо федерациясының рейтинг кестесінде 20 сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Әлем чемпионатына дейін Ерлан бауырымыз 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 36-орында болған. Бакуде алған күміс жүлденің күшімен қазақ балуаны өз салмағында бірден 16-орынға шығып отыр. Әлем чемпионатының қола жүлдегері  Галбадрах Отгонцэгцэг өзі күресетін 48 келіге дейінгі салмақта 5-орынға жайғасыпты.

.