Еркін күрес: Азиадаға баратындар белгілі

Жазғы Азиада дүбірі күн санап жақындап келеді. Төрт жылда бір айналып келетін айтулы жарыста, еркін күрестен ел намысын жыртатын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды SportX.kz.   

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсет Серікбаев, Азиадаға жолы түскен балуандар тізімін жариялады. 57-келі салмақта Жандос Исмайлов (Алматы облысы), 65 келіде – Саятбек Оқасов (Павлодар облысы), 74 келіде – Данияр Қайсанов (ШҚО), 86 келіде – Әділет Дауламбаев (Алматы), 97 келіде – Бақдәулет Әлментай (Шымкент) және 125 келі салмақ дәрежесіндегі палуанымыз Олег Болтин (ШҚО) алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болыпты.

Азияның кезекті жазғы ойындарын Индонезия елі қабылдайды. Мәртебелі спорттық форум аясындағы жарыстар 18- тамыз бен 2-қыркүйек аралығында ел астанасы Джакарта мен Палембанг қалаларында өтеді.

 

 

Пікір жазыңыз