Еркебұлан қарсыласын талдырып тастады

Шинкиокушинкай каратэден Қазақстан құрамасы Сингапурде жалауын түсірген Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстандық спортшылар үш алтын және бір күміс жүлде олажалап қайтты. Еркебұлан Бейсембаев, Владимир Артюшин және  Илья Яковлев өз салмақтарында қарсылас шыдатпай, Азия құрлығының 2018- жылғы чемпионы деген құрметті атақты жеңіп алды. Ақтық сында жолы болмаған Денис Мойсеевтің есебінде күміс медаль. Владимир Артюшин турнирдің үздік спортшысы деп танылса, еліміздің ұлттық құрамасы жалпы есепте бірінші орынды иеленді.

Бәрінен де Еркебұлан Бейсембаевтың ақтық сындағы жекпе-жегін айтсаңызшы!…  75 келі салмақта бақ сынаған Еркебұлан финалдық бәсекеде жапониялық шеберді тамаша соққымен татамиге сұлатып салды. Оның тіземен басқа жасаған ауыр соққысы орындалуы жағынан сондай керемет шықты. Бір сөзбен айтқанда Сингапурдегі чемпионатқа ерекше сән берген жекпе-жек болды.

 

Пікір жазыңыз