Елизавета мен Элизабет жарысы (ВИДЕО)

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева өз жанкүйерлерін жарыс сайын жағымды жаңалықтарымен қуантып жүр. Бұл жолы қазақстандық спортшы Финляндияның Эспоо қаласында өткен халықаралық «Finlandia Trophy Espoo» турнирінде күміс жүлде олжалады, деп хабарлайды SportX.kz.

Біздің Элизабет Эспоодағы жарыста, тек ресейлік Елизаветаға жол берді. Атты да жөні де айғайлап тұрған ресейлік Елизавета Тохтамышевадан бар болғаны 2,11 ұпай ұтылған Тұрсынбаева, есесіне қысқа бағдарламада 70,95 ұпай иеленіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Пікір жазыңыз