Эль-Классико: Каталондықтар «Реалды» шайнамай жұтты (ВИДЕО)

Испания примера лигасында маусымның басты матчы ойналды. Дегенмен футбол сүйер қауым көз тіккен «Барселона» мен «Реал» арасындағы эль-классико, бұрынғыдай тартысты өтпеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Соңғы он бір жылден бері бітіспес қарсыластар арасындағы эль-классиконы Роналду мен Мессисіз елестету мүмкін емес. Осы жылдар эль-классиконың бар қызығы осы екі футболшы төңірегінде өрбіді. Он бір жылдан кейін «Барселона» -«Реал» арасындағы теке-тірестің ортасынан қос жұлдызды көре алмадық. Роналдудың жайы белгілі. Король клубымен қоштасып кете барған португалиялық шабуылшы осы жаз «Ювентустің» қосынан жылы орын тапса, жарақат алған Месси кешегі матчты сырттай тамашалады.

Месси мен Роналдусыз өткен матчқа келсек, алаңда билік құрған «Барселона»  мадридтік клубты шайнамай жұтты. Есеп-5:1. Суарес бастаған каталондықтар қарсыластарын барлық көрсеткіш жағынан басып озды.

Испания чемпионаты. Ла Лига. 10- тур. «Барселона»- «Реал» — 5:1

Голдар: Коутинью, 11 (1:0). Суарес, 30 — пенальтиден (2:0). Марселу, 50 (2:1). Суарес, 75 (3:1). Суарес, 83 (4:1). Видаль, 87 (5:1).

«Барселона»: тер Штеген, Серхи Роберто, Пике, Лангле, Жорди Альба, Ракитич, Бускетс, Артур (Видаль, 84), Рафинья (Семеду, 69), Суарес, Коутинью (Дембеле, 74).

«Реал»: Куртуа, Начо, Варан (Васкес, 46), Серхио Рамос, Марселу (Диас, 82), Кроос, Каземиру, Модрич, Бэйл (Асенсио, 77), Бензема, Иско.

Пікір жазыңыз