Дзюдошылар Бакуге аттанды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуге аттанып кетті. Қыркүйектің 20-27 аралығында Әзербайжан астанасы кезекті әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды SportX.kz.

Өкінішке орай күрестің осы түрінен еліміздің ең таңдаулы балуаны Елдос Сметов, жарақатына байланысты әлемдік додадан шет қалды. Жақында аяқталған Азия ойындарының ширек сынында жарақат алған әлем чемпионын, боз кілем үстінен емханаға алып кеткені есімізде. Қабырғадан алған жарақаты жеңіл болмай шықты. Сол себепті Елдос әлем чемпионатынан шет қалып отыр. Бакуде Сметов күресетін салмақта ел намысын Ғұсман Қырғызбаев қорғайды.

Ұлттық команданың толық құрамы мынадай:

Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Ерлан Серікжанов (66 кел), Жансай Смағұлов, Бекәділ Шәймерденов (73 келі), Әзіз Қалқаманулы, Дидар Хамза (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Виктор Демьяненко (100 келі) және Ерасыл Кажыбаев (+100 келі).