Дүйсебай Гран-при жүлдесінен үміткер

Қарашаның 22-23 күндері Біріккен Араб Әмірліктері елінде таеквондодан Гран-при жарыстарының финалдық бәсекелері өтеді. Кіл мықтылар бас қосатын ақтық сынға жерлесіміз Смайыл Дүйсебай қатысады, деп хабарлайды SportX.kz.

87 келі тартатын Смайыл Дүйсебай сериялық жарыстардың басын құрайтын Гран-придің қорытынды додасында бақ сынауға мүмкіндік алған жалғыз спортшымыз. Осы турнирде жеңімпаз атанған таеквондо шеберлері өз еншілеріне 80 ұпайдан жазатын болады. Тек әлем чемпионатында ғана бұдан артық балл алуға мүмкіндік бар. Сондықтан алдағы финалдың құны өте жоғары болып тұр.

Смайыл Гран-приден дәмелі десек, араға бір күн салып дәл осы жерде Әлем кубогы жолындағы командалық жарыс өтеді. Бұл сында ел нымысын — Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров, Рахым Әділханов сынды жігіттер қорғаса, аралас (микс) бәсекеден өтетін командалық жарыста- Қазыбек Бахтиярұлы, Смайыл Дүйсебай, Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз төрттігі өнер көрсететін болады.

 

 

Пікір жазыңыз