«Динамоға» күшіміз жетпеді

 Хорватияның «Загербі» еліміздің үздік клубы «Астананы» чемпиондар лигасынан ысырып тастады. Загребте өткен үшінші іріктеу раунды аясындағы қарымта матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Сырт алаңда «Астананың» қақпасына жауапсыз қос гол тоғытқан загребтік футбол баһадүрлері, қарымта бәсекеге көтеріңкі көңіл-күймен шықты. Алыстан ат терлетіп жеткен астаналықтардың  жайы айтпаса да түсінікті шығар. Қазақшалап айтқанда жерлестеріміз Хорватияға: «Берсе қолынан, бермесе жолынан» деп аттанғаны анық. Бірақ  алаң иелері оларға түк те бермеді. «Астананың» жаттықтырушысы Роман Григорчук  осы жаз команда қосына алынған Әзербайжан құрамасының шабуылшысы Ричард Алмейда мен голландиялық Рангело Янгты алғашқы минуттардан ойынға қосыпты. Дегенмен Хорватияның үздік клубы бүгінгі таңда біздің чемпионнан әлдеқайда мықты екенін мойындата алды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды кездесудің 74-минутында Марио Гавранович соғып кетті.

«Астананы» артқа тастаған «Динамо» енді ЧЛ плей-офф раундында швейцариялық «Янг-Бойзбен» күш байқасатын болады. Ал біздің чемпионымыздарымыз ендігі жерде Еуропалық лигада бақ сынап көреді. «Астана» Еуропа лигасындағы қарсыласы «Хапоэль» (Израйль) мен «АПОЭЛ» (Кипр) арасындағы қарымта матчтан кейін белгілі болады. Екі клуб арасындағы алғашқы ойында таразы басы тең түскен.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» 

Пікір жазыңыз