Деонтей Уайлдер — Тайсон Фьюри (ВИДЕО)

Аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (27-0, 19 КО) мен WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында жаға жыртыса жаздады, деп хабарлайды SportX.kz.

Жоқ жерден бәле ізідеген Фьюри, баспасөз  мәслихаты бастала сала намысқа тиетін сөздермен Уайлдерді қағыта бастады. Қыза-қыза келе америкалық боксшыны дәл сахна төрінде спаррингке түсуге шақырды.

Сахнаға шығып суретке түсетін рәсімнің шырқын Уайлдер бұзды. Америкалық сері жігіт  қарсыласын шаршы алаңға шыққан бойда сұлатып саламын деп көкірек қақты. Дәл осы тұста бетпе-бет тұрған апайтөс боксшылар ұстаса кете жаздады. Абырой болғанда сахнадағы ду-дудың соңы  қызыл тқбелеске ұласпай, екі мықты қалған мәселені жекпе-жектің үлесіне қалдырып тарасты.

Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер арасындағы жекпе-жек 1-желтоқсан күні Лос-Анджелестегі  21 000 көрерменге арналған «Стэйплс-центр» кешенінде өтеді.

Пікір жазыңыз