Денис деген теннисшіміз бар

Казақстандық 25- жасар теннисші Денис Евсеев Ноксвиллдегі «Челленджердің» негізгі сеткасында өнер көрсететін болды, деп хабарлайды SportX.kz.

Әлемдік рейтингте 303 орынға жайғасқан жерлесіміз Ноксвиллдегі (Теннесси штаты, АҚШ) «Челленджердің» іріктеу кезеңінің финалында америкалық Натаниэль Лэммонстан алда болды.

Бары-жоғы 50 минутқа жалғасқан бәсеке 6:2 және 6:1 есебімен қазақ спортшысының жеңісімен аяқталды. Ендігі жерде Денис дәстүрлі доданың басты додасында бақ сынап көреді.

Пікір жазыңыз