Деңгейіміз екі сатыға төмендеген

Бүгін Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңа рейтинг кестесін жария етті. Бұған дейін 116- орында болған еліміздің бас командасы жаңартылған кестеде екі сатыға төмендеген, деп хабарлайды  SportX.kz.

Бірінші орынға екі елдің құрамасы шығып отыр. Олар — Бельгия мен Франция (1729 балл). Үшінші орыннан жылжи қоймаған Бразилияның есебінде-1663 ұпай. Тамыз айымен салыстырғанда екі орынға сырғыған Қазақстан құрамасының ұпай саны- 1160.

 

 

Пікір жазыңыз