Даниярдың беделі өсті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бесінші жеңісінен кейін BoxRec.com сайтының рейтинг кестесінде едәуір жоғарылады, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстандық олимпионик өзінің Монакода өткен соңғы жекпе-жегінде, никарагуалық Маркос Мохиканы кездесудің үшінші раундында техникалық нокаутпен жеңген еді.

Боксшылардың аяқ-алыстарын қалт жібермей бақылаумен қатар жіпке тізгендей орын-орындарына  қоятын BoxRec.com сайтының жаңа кестесінде Данияр Елеусінов бірден 48 сатыға жоғары көтерілген. Дәлірек айтсақ,184- орынға табан тірепті.

Осы жылы кәсіпқой боксқа ден қойған Рио олимпиадасының чемпионы әзірге қарсыластарына дес бермей тұр. Бес кездесудің бәрін ұтып, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтаған астаналық боксшы сіз бен бізді әлі талай қуантады деп сенеміз.

 

Пікір жазыңыз