Даниялық әділ — қазылар төрелік етеді

Ұлттар Лигасы аясындағы Қазақстан — Латвия матчына даниялық төрешілер бригдасы әділ-қазылық жасайды, деп хабарлайды SportX.kz.

Матчқа бас төреші болып Йенс Мое бекітілген. Оған алаңның қос қапталында Ларс Хейне Серенсен мен Ларс Хуммельгор көмектеседі. Ал төртінші яғни қосымша арбитр болып Йеспер Даль тағайындалған.

Қазақстан — Латвия арасындағы бәсеке 15-қараша күні елорда уақыты бойынша сағат 21:00  «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Пікір жазыңыз