Бұрымды футболшыларымыз Дубайда жүр

Футболдан еліміздің әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиыны аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз -қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұрымды футболшыларымыз 11- қарашадан бері Дубайда жаттығып жатқан көрінеді. Жылы жақтағы жиынды мейлінше пайдалы өткізу мақсатында бірнеше жолдастық кездесулер жоспарланып қойыпты. Соның бірінде аға жаттықтырушы Разия Нүркенованың шәкірттері Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен күш байқасып көрді.

Дубайдағы бәсекенің тағдырын жалғыз доп шешіп берді, Кездесудің 78-минутында Қазақстан құрамасының дебютанты, ресейлік «Енисей» клубында өнер көрсетіп жүрген Айда Гайстенова Қазақстанға жеңіс әкелді.

БАӘ — Қазақстан — 0:1 (0:0)

Голдар: Гайстенова 78

Қазақстан құрамасы: Железняк (Сандалова 46), Қожахмет (Демидова 60), Нұрышева, Мясникова, Бабшук (Власова 82), Гайстенова, Жұмабайқызы (Бортникова 90), Құлмағамбетова, Тұрлыбекова (Вылданова 70), Қырғызбаева, Орынбасарова (Кәрібаева 37).

 

Пікір жазыңыз