Бойдың күш-қуатын арттыратын дәрі-дәрмектің дауы басылар емес

ssociated Press, IAAF 33-жасар қазақстандық жеңіл атлет Наталья Ивонинскаяның уақытша жарыстардан шеттетілгенін хабарлайды. 100-метрлік дистанцияға кедергілер арқылы жүгірумен машықтанатын желаяқтың допинг-сынағы оң нәтиже берген, деп хабарлайды SportX.kz.

Лондон олимпиадасы кезінде алынған допинг-сынақ қазақстандық атлеттің ағзасынан қолдануға тиым салынған екі бірдей анаболикалық стеройд (туринабол және стазонолоп) табылғанын көрсетті. Лондонда жерлесіміз 100-метрлік қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден өзінің жеке рекордын (12,68 секунд) жаңартқан болатын.

Athletics Integrity Unit хабарлауынша отандасымызға қатысты іс Халықаралық олимпиадалық комитеттің қарауында көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін допинг пайдаланғаны үшін алты бірдей жеңіл атлетіміз жарыстардан аластатылған еді. Олар- Тошали Әліқұлов (мельдоний), Юлия Рахманова (метастерон),Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Врославская (мельдоний).

 

Пікір жазыңыз