Бірінші таймда «Астана» сапынан емге қазақ көрмедік (ВИДЕО)

Еуропа лигасының соңғы турында «Астана» сырт алаңда «Реннге» есе жіберді. «К» тобындағы екінші жолдаманың тағдыры шешілген матчта 2:0 есебімен алаі иелері жеңіске жетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Соңғы тур алдында 8 ұпаймен екінші орында болған «Астанаға» плей-офф кезеңіне шығу үшін бүгінгі бәсекеде тең ойынның өзі жетіп жатты, Өз кезегінде 6 ұпаймен үшінші тұрған «Реннге» үш ұпай ауадай қажет болған.

Ә дегеннен тізгінді қолға алаған француздар қарсы қақпаның үнемі нысанаға алумен болды. Сондай шабуылдардың бірінде Хамари Траоренің алыстан шірене тепкен добын Ненад Эрич кері қайтара алды. Бұдан кейін де алаң иелерінің есеп ашатын мүмкіндігі аз болған жоқ. Осы тұста Эричтің ойынын атап кеткен жөн.

Дегенмен жалғыз қақпашы қайда барсын, шабуылды үдете түскен «Ренн» екінші таймда пенальти  тебуге мүмкіндік алды. Эрич тағы да ерлік көрсетіп, Бенджамин орындаған он бір метрлік айып добына кері қайтарған. Бірақ кері қайтқан допқа бірінші жеткен Исмайл Сарр мүлт кетпеді. 1:0. Осы гол бойына қанат бітіргендей құлпырып шыға келген Сарр мұнымен шектелмей кездесудің 73-минутында «Астананыі» екінші рет қапы қалдырды. Осымен қазақстандық футбол сүйер қауым үмітпен қараған бісеке 2:0 есебімен «Реннің» жеңісмен аяқталып, франциялық клуб плей-офф кезеңіне бет түзеді. Ал , түк таппаған астаналық футболшылар сол баяғы үйреншікті жолмен елге қайтты. Халықаралық турнирлерде жеңістің исін сезбеген команда жеңіле берген соң оған да төселіп қалады екен. Қазақстан футболы ес білгелі бері осындай жағдайда. Жап-жақсы келе жатамыз да нағыз сыналатын сәт туғанда аяғымыз аспаннан келіп жатады.

Мұндай да кімді сынап, кімді кінәлауды да білмейсін. Бірақ «Реннге» қарсы ойынның бірінші бөлігінде «Астана» сапынан бір қазақты көрмедік. Міне, осыған ішің удай ашиды. Ұлты өзбек Зайнутдиновға орын тигенде, өз елімізде миллиондаған қазақтың арасынан тәуір ойнайтын бір жігітің табылмағаны ма! «Астана» Қазақтың беткеұстар клубы және Президенттік спорт клубына қарайды. Былайша айтқанда қазақ футболының көшбасшысы. Ендеше мұндай клубтың сапында жергіліктің ұлттың футболшылары көптеп саналу керек.

Ренн (Франция) — Астана (Қазақстан) — 2:0 (0:0).

Голдар: Сарр, 68 (1:0). Сарр, 73 (2:0).

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Кабананга, Постников.

Елордалық клуб Ренндегі матчты осындай құраммен бастады. Қазақ футболын басқарып отырғандарға қазақ баласы ойнаса «Астана» жеңіліп қалатын сияқты көрінетіндей. Аннан-мыннан қашқан келімсектерді жинап, оларды үлде мен бүлдеге орағандағы тапқаны не? Ұлттық құрамамыз осындай күйде. Егемендік алған тұстан бері төгілген қыруар қаржыны жергілікті футболшыларға төккенде, мұндай жағдай орын алмас еді. Қазақ-намысшыл келеді. Күресетін, жұдырықтасатын, волейбол мен су добын қатыратын қазақ жастарынан футболшы шықпайды дегенге кім сенеді. Кезіндегі қақпашы Құралбек Ордабаев, қорғаушы Сейілдә Байшақов, жартылай қорғаушы Тимур Сегізбаев сынды ағаларымыздың шеберлігіне бүкіл ел тәнті болған. Бүгін ел болып еңсемізді көтерген шақта да сол баяғыша «Әттең, тоның келтесі-ай…». деп жүрген жайымыз бар.

Бір мысал, осыдан біраз жыл бұрын ұлттық құрама тізгінін уақытша павлодарлық маман Талғат Байсуфинов ұстаған. Сол қысқа мерзім ішінде еліміздің бас командасы едәуір нәтиже көрсете алды. Мұндағы айтпағым, сол команданың дені қазақ жастары еді.

Меніңше, Қазақстан құрамасы мен «Астана» сияқты белді клубымыздың құрамына қазақтарды тартуға мүдделі емес және қарсы тұратын күш бар сияқты болып тұрады. Артық кетсем кешірерсіздер, дегенмен….

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз