Бірі алға жылжыса, екеуі төмен сырғыпты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

Көш басындағы үздік үш теннисші өз орындарынан мызғымаған. Испаниялық Рафаэль Надаль бірінші келе жатса, серб Новак Джокович екінші, ал швейцариялық дүлдүл Роджер Федерер тізімде үшінші тұр.

Үздік 100 теннисші қатарында еліміздің бірінші ракеткасы Михайл Кукушкин де бар. Михайл жаңа рейтингте 73- орыннан 71 орынға көтеріліпті. Өз кезегінде Александр Недовесов 242-орынға, ал Александр Бублик 247- сатыға сырғыпты.

 

Пікір жазыңыз