«БИІК-Қазығұрт»- чемпион

Футболдан еліміздің әйелдер арасындағы чемпионатында Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» клубының шоқтығы биік. Биылғы маусым тағы да оңтүстіктің арулары ел чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды SportX.kz.

Әне-міне дегенше еліміздің кезекті футбол додасы да мәресіне жетті. Маусым қорытындысы бойынша шырайлы Шымкенттің шырайлы футбол шеберлері үздік шықты. Көкшелік «Оқжетпес» екінші, ал жүлделі үшінші орынға Шымкенттің №7 Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің командасы лайық болып шығыпты.

Биылғы маусымның үздік футболшыларымен таныс болыңыздар:

Үздік қақпашы — Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»)

Үздік қорғаушы — Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»)

Үздік жартылай қорғаушы — Камила Құлмағамбетова («БИІК-Қазығұрт»)

Үздік шабуылшы — Ольга Осипян («Оқжетпес»)

Үздік сұрмерген — Гүлнара Габелия («БИІК-Қазығұрт»)

Үздік ойыншы — Гүлнара Габелия («БИІК-Қазығұрт»).

 

Пікір жазыңыз