Биатлоншылар жарысы басталды

 Поклюкада (Словения) биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі одан әрі жалғасын табады. Бүгін ерлер жекелей сыннан бәсекеге түседі, деп хабарлайды SportX.kz. 

Бүгінгі бәсекеге 110 биатлоншы қатысады. Бірінші болып жарыс жолына Корей елінің намысын жыртып жүрген экс-ресейлік спортшы Тимофей Лапшин аттанады. Соңғы жылдары алдына жан салмай жүрген француз Мартен Фуркад бәсекеге 22- болып шықса, оның басты қарсыласы норвегиялық биатлоншы Йоханнес Бе додаға 14 нөмірмен аттанбақ.

Поклюкадағы жарыс Астана уақыты бойынша сағат19:15 те басталады.

 

Пікір жазыңыз