Бэйлдің беделін өсірген голдар (ВИДЕО)

Мадридтік «Реал» клубаралық әлем чемпионатының жартылай сынында Жапонияның «Касима Антлерс» командасынан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Біріккен Араб Әмірліктері елінде футбол федерацияларының үздік клубтары арасында әлем чемпионаты жалғасуда. Алғашқы жартылай финалдық бәсеке «Аль-Айн» (БАӘ) мен аргентиналық «Ривер-Плейт» арасында өтті. Тартысқа толы матчтың жеңімпазын пенальти сериясы анықтап берді. Бұл сынақтан мүдірмей өткен жергілікті футболшылар мәртебелі доданың ақтық сынынан орын алды.

Ақтық сынға жол ашатын екінші жартылай финалда «Реал» мен «Касима Антлерс» кездесті. Абу-Дабидегі «Шейх Зайед» стадионында өткен бұл матч 3:1 есебімен король клубының пайдасына шешілді. Бүгінгі ойынды «Реалдың» қазіргі таңдағы белді шабуылшысы Гарет Бэйлдің бенефисі болды десек артық кетпеспіз. Кездесудің 44-ші, 53-ші және 55- минуттарында қарсы қақпаны дәл көздеген Бэйл, айналдырған 11 минут ішінде есебіне үш гол жазды. Еуропалық клубтың үш добына тек бір голмен жауап қайтарған «Касима Антлерс» сапында Сема Дой көзге түсті. Қорытынды есеп- 3:1.

Клубаралық чемпионаттың ақтық және үшінші орын үшін өтетін ойындары 22- желтоқсанға жоспарланған.

 

Пікір жазыңыз