Баварлықтар «Айнтрахты» оңдырмады

Франкфуртта жергілікті «Айнтрахтың» қақпасына жауапсыз бес гол соққан «Бавария» футболдан Германия суперкубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Ірі есеппен аяқталған матчта баварлық шабуылшы Роберт Левандовски ерекше көзге түсті. Польша ұлттық құрама командасының капитаны алаң иелерін үш рет қапы қалдырды. Қалған екі гол жартылай қорғаушылар Кингсли Коман мен Тьяго Алькантараның есебінде.

«Баварияның» жаңа бапкері Нико Ковач осылайша өзінің былтырғы клубын ірі есеппен ойсыратты. Ал «Айнтрахтың» тізгінін ұстаған Ади Хюттер, бұған дейін швейцариялық «Янг Бойзды» жаттықтырып келген.

 

Пікір жазыңыз