Басқасын қайдам, ал хоккейден Кореяға шамамыз жетіп жүр

 Венгрия астанасы Будапештте шайбалы хоккейден Еуропалық шақыру Кубогы сарапқа салынуда. Еурочеллендждегі екінші матчты Оңтүстік Кореяға қарсы өткізген Қазақстан құрамасы 3:5 есебімен алда болды, деп хабарлайды SportX.kz.

Бүгінгі бәсекедегі жеңіске  «Астана» клубының өкілі Егор Петухов өте қомақты үлес қосты. Астаналық хоккейші Кореяның қақпасынан табылған бес шайбаның үшеуін өз есебіне жазды.

Осы тұста бас командамыздың негізі құрамы елордалық «Барыстың» ойыншыларынан жасақталғанын айта кеткен жөн шығар. Президенттік кәсіпқой спорт клубы жүйесіндегі командадан ұлттық құрама сапында— Егор Шалапов, Александр Пелевин, Мадияр Ыбрайбеков, Никита Клещенко, Кирилл Полохов, Кирилл Савицкий, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов, Валерий Гурин, Дмитрий Гурков, Егор Петухов, Кирилл Панюков және Андрей Яковлев сынды хоккейшілер өнер көрсетуде. Будапештке қазақстандық хоккейшілерді «Номадтың» жаттықтырушысы Юрий Михайлис бастап барды.

Будапешт мұз айдынында қазақстандық хоккейшілер Венгрия, Оңтүстік Корея және Итлаия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Алғашқы ойында жерлестеріміз 3:1 есебімен Венгрия құрамасынан алда болды.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Оңтүстік Корея — Қазақстан 3:5 (0:2, 2:2, 1:1)