«Барыстың» жеңісті жолы жалғасын таба ма?

Соңғы алты кездесудің бәрінде жеңіске жеткен «Барыс» бүгін өз алаңында Челябінің «Тракторын» қабылдайды, деп хабарлайды SportX.kz. 

Континентальдық лиганың Шығыс конференциясында өнер көрсететін клубтардың бүгінгі бәсекесі Астана уақыты бойынша сағат 19:30 басталады. Спорт сүйер қауым бұл ойынның тікелей көрсетілімін QazSport телеканалы арқылы тамашалай алады.

Астаналық хоккейшілердің бүгінгі кездесу алдындағы көңіл-күйлері көтеріңкі. Соңғы алты мачта қарсыластарын түгел жеңген «Барыс» (32 ұпай) Шығыс конференцияның турнир кестесінде төртінші орында келеді. Бүгінгі қарсыластары «Трактор.(21 ұпай) 13 команданың арасында 10- орынға жайғасқан.

«Барыс» осы матчпен өз алаңындағы серияны аяқтап, одан әрі сырт алаңда үш бәсекеге өткізіп қайтады.

Бас демеуші -«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз