«Барселона», «Интер» және «Спортинг» Алматыға келе жатыр

Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының ақтық додасы 2018-жылдың сәуірінде Алматыда өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.

3-желтоқсан күні УЕФА-ның атқару комитеті осындай шешім қабылдады. Біздің ойымызша Алматы қаласы мұндай форумға әбден лайық. Біріншіден алматылық «Қайрат»  Еуропа чемпиондар лигасын екі рет ұтып, футзал спортының қазақ еліндегі орнын айшықтап берді. Екіншіден еліміздегі ең үлкен мегаполисте соңғы жылдары заман талабына сай спорттық ғимараттар бой көтеріп, қаншама халықаралық деңгейдегі жарыстарды абыроймен атқарып, оң бағасын да алды. Айта кетейік чемпиондар лигасының шешуші кезеңі Алматыда осымен екінші рет өткізілмек. 2017-жылғы турнир «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өткен еді. Алдағы жылы Еуропаның үздік клубтары «Алматы Аренада» өнер көрсететін болады.

Алматыдағы ақтық кезеңде «Барселона», «Интер», «Спортинг» және біздің «Қайрат» күш сынасады.

 

Пікір жазыңыз