Баландин-финалда

Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин100 метрге брасс әдісімен жүзуден Азия ойындарының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды SportX.kz.

Осы қашықтық бойынша өткен соңғы іріктеу тобында қытайлық Ян Зибей Азия ойындарының рекордын жаңартты. Оның көрсеткіші 59,91сек. Осы топтан табылған біздің Баландин екінші нәтиже көрсетті. Бұған дейін осы рекордтың иесі атанып келген жерлесіміз 100- метрлік дистанцияны 1,00,07 минутта жүзіп өтті. Дегенмен Азиада жүлделері сарапқа түсетін финалдық бәсеке алда. Осы дистанцияда бақ сынаған тағы бір жерлесіміз Әлібек Қамзенов ақтық кезеңге өте алмады.

Дмитрий Баландин 2014-жылғы Азия ойындарында үш рет тұғыр төріне көтерілгені есімізде. Сол жолы отандасымыз брасс әдісімен 50,100 және 200 метрлік қашықтыққа жарысудан алдына жан салмаған.

 

Пікір жазыңыз