АЗИАДА: Түнгі рандеву

Жапонияның ұлттық олимпиадалық комитеті Азиададан төрт баскетболшысын елге қайтарды.  Жапонияның ірі ақпарат агенттігі Kyodo осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды SportX.kz.

Катар құрамасын жақсылап ұтқан жапондық баскетболшылар жеңісті түнгі клубта атап өткенді жөн көріпті. Үстілеріне команда формасын киген жігіттер  алдымен жергілікті ресторанның бірінде жапон асынан дәм татады. Одан әрі жандарына бойжеткен ерткен серілер кешкі сауықты түнгі клубта жалғастырады.

Ұлттық құрама мүшелерінің түнгі шеруін, бейбастыққа санаған Жапония делегация басшылары оларды бірден үйлеріне қайтарған. Азиада бағдарламасындағы баскетбол додасы тамыздың 30 дейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз