Азиада төріндегі алғашқы жеңістер

Волейболдан еліміздің әйелдер құрама командасы жазғы Азия ойындарын сәтті бастады. Мәртебелі додадағы алғашқы матчта қазақ волейболшылары Қытайлық Тайбэйден басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Төрт партияға жалғасқан бәсеке — 25:5, 25:10, 20:25, 25:20 есебімен аяқталды. Келесі ойынды еліміздің бас командасы 21- тамыз күні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрама командасы үш кездесу өткізіп үлгерді. Алғашқы ойында 13:4 есебімен Тайландты ойсырата ұтқанымен келесі күні 4:14 есебімен Қытайға есе жіберді. Дегенмен өз тобындағы үшінші кездесуде  22:2 есебімен Гонконгты тізе бүктірді. Қазақстандық су добы
шеберлері алдағы күндері Индонезия және Жапония құрама командаларымен кездеседі.

Пікір жазыңыз